← All jobs
Бас бухгалтер - Бухгалтерлік және салықтық есепке алу кеңсесінің басшысы
Astana, ASTANA, KZ · On-site · Full-time · PI ISSAI
Apply well, not just fast
Create a free account and upload your resume to get a match score, keyword gaps, a tailored resume, a cover letter and interview prep for this job.
About the role
ExpressExcel
Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence (ISSAI) 2019 жылғы қыркүйекте Қазақстанның цифрлық саласындағы зерттеулер мен инновациялардың, әсіресе жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің дамуына серпін беретін негізгі институт ретінде құрылды.
ISSAI Азия, Еуропа және Америка Құрама Штаттарындағы озық тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы зерттеулер үшін ұлттық әлеуетті дамытуға бағытталған.
ISSAI білім беру, өнеркәсіп және мемлекеттік сектордағы ұлттық және халықаралық серіктестермен зерттеулер, инновациялар және ынтымақтастық жүргізуге мүмкіндік беретін икемді құрылымды ұсынады және ұлттық даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған Қазақстанның цифрлық экожүйесінің дамуына үлес қосады.
Бас бухгалтер келесі міндеттерді орындайды және жауапты:
1) Өткен кезеңдегі жылдық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуға және оларды жетекшілік ететін бағыт шеңберінде Мекеменің тиісті басқару органдарының қарауына енгізуге қатысады; 
2) Ішкі құжаттарға сәйкес және жетекшілік ететін бағыт шеңберінде жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша Мекеме орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнының есеп-қисаптарын дайындау және қарау жөніндегі жұмысқа қатысады; 
3) жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша жетекшілік ететін бағыт шеңберінде талдамалық анықтамаларды, баяндамалар мен тұсаукесер материалдарын дайындайды; 
4) Ішкі құжаттарға сәйкес және жоғары басшылықтың тапсырмасы бойынша Мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін талдауды жүргізеді; 
5) Кеңсенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мекеменің әдістемесін, сондай-ақ өзге де нормативтік-құқықтық және құрылымдық құжаттарын әзірлейді және жетілдіредi; 
6) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде деректерді өңдеу кезінде пайдаланылатын анықтамалық, талдамалық және нормативтік ақпаратты әзірлеу мен жетілдіруге қатысады, оларды үйлестіреді; 
7) Өзінің лауазымдық міндеттері шеңберінде хат-хабар алысады. 
8) кәсіпорын бөлімшелерінің қызметкерлеріне жетекшілік ететін мәселелері бойынша практикалық көмек көрсетедi; 
9) Мекеменің салықтық есепке алу мәселелері жөніндегі жұмысына жедел басшылық жасауда және оны үйлестіруде Басшыға жәрдем көрсетеді. 
10) Салықтық тіркелімдердің нысандарын, олардың таратып жазылуын әзірлейді, Жеке тұлғалардың кірістеріне салынатын салық (ЖТКСС) пен әлеуметтік салық (ӘС) бойынша салықтық есептілік нысандарын ұсынады. 
11) Мекеменің ЖТКСС және ӘС бойынша салықтық тексерулері мен тексерістерін сүйемелдеуді жүзеге асырады, мекеме қызметкерлерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді; 
12) бастапқы құжаттарды қабылдауды, тексеруді және қажет болған кезде жауапкершілікке жатқызуды, олардың сақталуын қамтамасыз етуді және мұрағаттауға дайындауды; 
13) ХҚЕС бойынша бухгалтерлік есептілікті жасау процесіне қатысады; 
14) Мекеменің құзыреті шегінде Мекеменің басқа құрылымдық бөлімшелері әзірлейтін ішкі құжаттардың жобаларын қарайды және бекітеді; 
15) Өздері жетекшілік ететін бағыт бойынша әдістемелік және нормативтік ішкі құжаттарды әзірлейді; 
16) Белгіленген тәртіппен дебиторлық берешекті түгендеуді жүргізуге қатысады. 
17) бухгалтерлік есепке алу деректері мен есептілікке байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 
18) Жауапкершілік аймағындағы процестерді автоматтандыруға және оңтайландыруға қатысады; 
19) Жауапкершілік аймағы бойынша Мекеменің шарттарын, мәмілелерін және ішкі құжаттарын қарайды және қажет болған кезде оларға өзгерістер енгізеді; 
20) Өздері жетекшілік ететін аймақтағы тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару және мониторингілеу процестеріне қатысуға міндетті. 
21) Мекеме басшылығы жүктеген міндеттерді уақытылы және сапалы орындауға; 
22) Қазақстан Республикасының заңнамасын және Мекеменің ішкі құжаттарын сақтайды; 
23) еңбек және қызмет тәртібін қолдауға жауапты болады; 
24) қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді және құпия және іскерлік ақпаратты, сондай-ақ Жұмыс берушінің заңдарына, Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес қолжетімділігі шектелген ақпаратты жария етуге немесе тарап кетуіне жол бермейді; 
25) жұмыстан босатылған жағдайда, барлық қағаз құжаттаманы, цифрлық ақпаратты және тауарлық-материалдық құндылықтарды тікелей жетекшінің нұсқауы бойынша басқа қызметкерге (қабылдап алу-тапсыру актісімен куәландырылған) уақтылы беру үшін жауапты болады. 
26) жетекшілік ететін бағыт шеңберінде тәуекелдерді анықтау, бағалау, басқару, мониторингтеу процестеріне қатысады; 
Білім: Жоғары кәсіптік білім
Басымдық бағыттары:
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Қаржы
- Экономика
Жұмыс тәжірибесі: Тиісті жұмыс тәжірибесімен кемінде жеті жыл 
Білімі
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын (бұдан әрі - ХҚЕС) және салықтық есептілік нысандарын білу;
- Outlook, 1С, Excel, Power Point, Internet Explorer, Word Express бағдарламаларын меңгеру;
- Бухгалтерлік есеп саласындағы ақпараттық технологияларды (бұдан әрі - IT) жақсы білу;
- қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру; ағылшын тілін білуі құпталады;
Дағдылары 
- Талдау қабілеттері (қол жетімді деректер негізінде болжамдар жасау);
- Баяндамалар, аналитикалық жазбалар дайындау дағдылары;
- Командада жұмыс істеу қабілеті (Ұйым мүдделерін Офис мүдделерінен жоғары қою);
- Қазақстан Республикасының кәсіби бухгалтері сертификаты;
- АССА) DipIFR/ACCA/CPA сертификаттарының болуы;
- Тура жетекшіні тенденциялар туралы хабардар ету және саясатты немесе ережелерді өзгертуді ұсыну үшін бірнеше көздерден ақпаратты пайдалану.
- сыни ойлау;
- тиімді қарым-қатынастар құру;
- коммуникация қабілеті;
- командалық жұмыс;
- жауапкершілік;
- мықты көшбасшылық қабілеттер 
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values  to identify how they fit into  Nazarbayev University core values